Форум » Краеведение » Зайсан - Зайсан өңірінің тарихынан » Ответить

Зайсан - Зайсан өңірінің тарихынан

ЕрСаин: Тілеуберді Сайдулдин, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Зайсан ауданының құрметті азаматы Ығына алған Алтай мен Тарбағатай, Қол созған шығысыңнан ұлы Қытай. Көл болып асау Ертіс кідіріпті, Кетуге сені тастап қимағандай. 6-сынып оқушысының дәптерінен, 1955ж. Биыл Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының 80 жылдығы, аудан орталығы Зайсан қаласының 140 жылдығы аталып өтілді. Осыған байланысты сол кезеңдерде ел іргесін бекемдеу үшін ата-бабаларымыз қандай күй кешкенін де еске алу орынды. Қазақи дыбыстануы «Жайсаң» атауы географиялық кеңістік тұрғысынан жанға жайлы, тұрмысқа қолайлы, шұрайлы да нулы кең алқап дегенге саяды. Бұл сөз адамның жеке тұлғасына қатысты оның тектілік, біліктілік дәрежесінің жоғары екенін көрсетеді (қасқа мен жайсаң). Адамның мінезінің жайдарылығы мен ақылының кемелділігін «жаны жайсаң» деп сипаттайды. Ақиқатты өзімізден емес, басқадан іздеп үйренген ғалымдарымыздың пайымдауынша «зайсан» моңғол тілінде әскери-әкімшілік лауазым. Бұл өлке сондай әскери-әкімшілік аймағы болғандықтан, осындай атау қалыптасқан деп есептейді. Орыс тіліне бейімділігіне байланысты «жайсаң» емес, «зайсан» сөзі ресми қолданыс тапқан. Зайсан аталатын кең өлкенің бір бөлігі ғана қазіргі осы аттас әкімшілік ауданға қарайды. Алтай жоталары, Тарбағатай-Сауыр таулары, Шар-Көкпекті шоқыларымен шектесетін кең атраб «Зайсан қазан шұңқыры» аталады, оның нақ ортасында Зайсан көлі орналасқан. Физикалық география тұрғысынан бұл алқап Ертіс өзенінің бассеинін қалыптастыратын Нарым, Бұқтырма, Күршім, Қалжыр, Көкпекті, Бөкен, Кендірлік, Үлкен Ұласты өзендерінің арна-сағаларымен қоса қарастырылады. Кезінде өлкенің солтүстігі Ресейге, оңтүстігі Қытайға тиесілі болды. Орыстар қазақ пен жоңғар соғысып жатқан кезде Ертісті бойлай бекініс салса, Қытай Жоңғар мемлекетін жойып, оған қарасты жерлерді түгелдей өзінікі деп есептеді. Екі империя шекарасын айқындау үшін 1860 ж. Пекин келісіміне қол қойып, шекара сызығын 1864 ж. Шәуешекте айқындауға тоқтам жасады. Дүнген-ұйғыр көтерілісі салдарынан бұл шешім аяқсыз қалды. Көтерілісті басуға Қытайдың өз мүмкіндігі болмай, Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Жетісу генерал-губернаторы Г.А.Колпаковский бастаған орыс әскері Қытай шебінде тұрақтап қалып қойып, тек қана 1881 ж. Санкт-Петербург келісімі бойынша Іле аймағынан шығып, қарымтасына Зайсан өлкесінің Қара Ертіс аңғарын алды. Бұл жағдай 1884 ж. Шәуешек протоколымен заңдастырылған. Іс жүзінде оған дейін-ақ Ресей өз мүддесін ойдағыдай орындап үлгірген болатын. 1868 ж. Зайсан приставы құрылып, Зайсан қаласының іргесі қаланды. Өлкені әскери-саяси тұрғыдан игеріп, енді шаруашылық жолмен басқарып, ішкі өлкеден жаппай қоныс аударуды іске асыру үшін 1891-1895 жылдары Семей мен Өскемен қатарлы Зайсан да уез санатына қосылды. Б&#

Ответов - 3

77759: Зайсанский уезд 1. Кальжирская найман(каракерей), толенгут, торе 2. Майтереская найман(каракерей, терстамгалы), аргын(тобыкты), кожа, шанышкылы, 3. Черно-иртышская найман(тортуыл) 4. Кендерлыкская керей(абак), уак, найман, шалаказак 5. Манракская найман(каракерей), уак, керей, кыпшак, торе, кожа, толенгут, жетыру(табын), туркпен 6. Чиликтинская найман(каракерей), торе, толенгут, уак 7. Чоргинская найман(каракерей) 8. Терс-айрыкская найман(каракерей) 9. Хабар-асуйская найман(каракерей) 10. Кумкольская найман(каракерей) 11. Базарская найман(каракерей),торе, толенгут, уак 12. Нарынская найман(каракерей), торе, толенгут,уак 13. Карабугинская найман(каракерей), торе, толенгут 14. Лабинская найман(каракерей) 15. Богасовская найман(каракерей), керей, шанышкылы 16. Окпектинская найман(каракерей, бура, терстамгалы), торе, аргын(тобыкты, таракты), уак, керей, толенгут, ногай, каракалпак, калмак, кыргыз, сарт 17. Баспан-базарская найман(каракерей), торе,толенгут Кн. "Волости,уезды...казахи" А.Темиргалиев

77759:

Rose Maines: Самый крутой сервис во всем СНГ. Крутая атмосфера, огромные выигрыши и все это https://igrovye-avtomativulkan.com/. Крутая игрушка, всем советую!




полная версия страницы